Василий Жиров Қазақстан құрамасын жаттықтыра ма? Боксшы мәлімдеме жасады
1996 жылғы Атлантада өткен Олимпиаданың чемпионы Василий Жиров "Голос народа" YouTube арнасына берген сұхбатында бокстан Қазақстан құрамасына көмектесуге дайын екенін айтты.
1996 жылғы Атлантада өткен Олимпиаданың чемпионы Василий Жиров "Голос народа" YouTube арнасына берген сұхбатында бокстан Қазақстан құрамасына көмектесуге дайын екенін айтты.
- Көктемде сіз Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамына кіресіз деген қауесеттер болды. Келіссөздер болды ма, болса немен бітті?
- Бұл туралы сөз болды да, ары қарай тыныш болып қалды. Білмеймін, мүмкін хабарласып, бұл мәселе қайта қозғалатын шығар.
- Ал сіз мұны қалайсыз ба?
- Қалаймын, әрине.
- Егер құраманы жаттықтыра бастасаңыз, не өзгертер едіңіз?
- Мына жерді (басты көрсетті). Не істеп жатқаныңды психологиялық тұрғыда түсіну. Боксшылардың көбі физикалық тұрғыда жақсы дайындалған, бірақ дайындығы бір мақсатқа бағытталмаған. Көптеген боксшы әлемде ең мықты болудың түп мәнісін толық түсінбейді. Өздерінің кім екенін. Ал мен мұның бәрі қолдан келетінін білемін. Дайындығы бар әрбір адамнан жақсы боксшы жасауға боалды, егер онда мақсат болса.
- Ал қазір сіз Қазақстандасыз ба?. Біздің ҰОК, министрлік байланысқа шықпады ма?
- Жоқ ешкім хабарласпады.
- Бірақ сіз келіссөздерге ашықсыз ғой?
- Әрдайым. Мен осындамын, дайынмын.
Жарнама