Бокс
26 сәуір 2022 17:37
 
Василий Жиров "Канело" мен Бивол кездесуіне болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Василий Жиров "Канело" мен Бивол кездесуіне болжам жасады ©Reuters

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегрі ресейлік Дмитрий Биволды (19-0, 11 КО) нокаутпен жеңеді. Мұндай болжамды 81 келіде 1996 жылғы Олимпиада жеңімпазы, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Василий Жиров (38-3-1, 32 КО) айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Менің ойымша "Канело" Биволды жеңеді. Кездесу нокаутпен мексикалықтың пайдасына аяқталады. Альварестің соққысы жақсы. Қимыл-қозғалысы да ширақ. Маған оның жұдырықтасу стилі ұнайды. Ерекше боксшы. Алдағы кездесуде ол Биволды оңай жеңеді", - деді Жиров "Студия бокса Виктора Ялымова" YouTube арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Альварес пен Бивол арасындағы жекпе-жек 7 мамыр күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Егер бұл кездесуде "Канело" жеңіске жетсе, ол қыркүйек айында Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жұдырықтасуы мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!