Валентина Хальзова қарсыласын нокаутпен жеңіп әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты

©ҚФБ

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Ыстамбул қаласында басталған әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

70 келіге дейін салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші айналымда Кения елінің өкілі Лорна Куса Симбимен кездесті. Бұл жекпе-жекті Хальзова бірінші раундта аяқтады. Валентина алдымен қарсыласын нокдаунға түсірген еді. Кейін тағы бір нокдаун тіркелді. Осыда кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Енді Хальзова әлем чемпионатының екінші айналымында кореялық Сеон Сужинге қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар