Валентина Хальзова әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Түркияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ыстамбұл қаласында болып жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында 70 келіге дейінгі салмақта Валентина Хальзова 37 жастағы аустарлиялық Кей Скотпен кездесті. Бұл жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 2016 жылғы әлем чемпионы Хальзоваға 5:0 есебімен берді. 

Осылайша, Валентина Хальзова жартылай финалға шыққан төртінші қазақстандық боксшы атанды. Осыған дейін бұл кезеңге Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова және Карина Ибрагимова шыққан еді. 

Енді бүгін шаршы алаңға Гүлсая Ержан (81 келі) және Дина Жоламан (54 кел) шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport