Допингке қарсы ерікті қауымдастық (VADA) қазақстандық Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата тесттен сәтті өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек 9 сәуір Сайтамада өтіп, тоғызыншы раундта нокаутпен аяқталды.
"Головкин мен Муратаға 2022 жылғы 9 сәуірдегі жекпе-жегі бойынша тесттен сәтті өткені үшін алғыс білдіреміз", - делінген VADA хабарламасында.