Бокс
24 шілде 2023 12:57
 

Ұзақ үзілістен кейін оралған қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Ұзақ үзілістен кейін оралған қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді ©MTK_Kazakhstan

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет ұзақ үзілістен кейін рингке оралды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет ұзақ үзілістен кейін рингке оралды, деп хабарлайды Vesti.kz.

2021 жылдың қазаны Лондонда өткен бокс кешінде Тұрсынбай WBC International титулы үшін айқаста нокаутқа түсіп, карьерасында алғаш рет жеңілген еді. Ол содан кейін рингке шықпаған болатын. 

Осынша үзілістен кейін рингке оралған Тұрсынбай Дубайдағы бокс кешінде 33 нокауты бар колумбяилық Хоэль Хулиомен жұдырықтасты. 

Орта дивизионда өткен жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, алайда екеншісінде қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.

Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқойдағы бесінші жеңісі және төртінші нокаут. Ал қарсыласы осымен 17 рет жеңіліп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!