Гизада (Мысыр) өткен бокс кешінің басты оқиғасында аса ауыр салмақтағы бірнеше титулы бар әлем чемпионы Александр Усик нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувенпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 11-раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Усик әуелі қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін ринг бұрышына қысып, ауыр соққылар сериясын жасады. Осы сәтте төреші араласып, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Усик аса ауыр салмақтағы WBA (Super), WBC және The Ring нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап қалды.
Жеңілмеген украиналық боксшы үшін бұл кәсіпқой рингтегі 25-жеңіс және 16-нокаут болды.
Ал Верхувен үшін бұл 2014 жылғы дебютінен кейінгі кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жек еді. Нидерландтық спортшы карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, еншісінде бір жеңіс пен бір жеңіліс жазды.
Жарнама