Бокс
22 желтоқсан 2021 06:25

Усиктің бапкері Джошуамен өткен айқаста шәкірті күшінің қанша пайызын қолданғанын айтты

©championat

Аса ауыр салмақта бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы Александр Усиктің алғашқы бапкері Сергей Лапин шәкіртінің соңғы жекпе-жегінде күшін қаншалықты қолданғанын айтты.

"Мен Александрды 20 жылдан астам уақыт білемін. Талай мәрте оның жарқын жеңістерінің куәсі болдым. Әрдайым қасынан табылып отырдым. Кейде Усикті өзге планетадан келген бе деп қалам. Ол әр жаттығу жасаған сайын күшінің артып келе жатқанын байқап жүрмін. Энтони Джошуамен өткен жекпе-жекте Усик өз потенциалының небәрі 60-70 пайызын ғана қолданды. Александр бұдан да мықты жұдырықтаса алады, - дейді Лапин.

Еске салайық, украиналық былғары қолғап шебері Энтони Джошуаны жеңген соң WBA, IBF, WBO және IBO тұжырымбары бойынша әлем чемпины атағын иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport