Усиктің алдағы қарсыластарының бірі "Астана Арланста" өнер көрсеткен боксшы болуы мүмкін

©BoxingScene

"Астана Арланстың" бұрынғы өкілдерінің бірі хорватиялық Филип Хргович (15-0, 12 KO) vRINGe.com сайтының рейтингі бойынша украиналық Александр Усикке (20-0, 13 KO) қарсылас болуы мүмкін үздік бес боксшының қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хргович өткен жексенбіде Джиддада (Сауд Арабиясы) өткен бокс кешінде қытайлық Чжан Чжилейді (24-1-1, 19 KO) жеңді. Ал сол бокс кешінің бас кездесуін жеңген Усик WBA Super, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша аса ауыр салмақта титулдарын саққтап қалды. 

Қоса кетейік, Чжилеймен өткен кездесу Филипп үшін жоғары көтеріліп кетудің үлкен мүмкіндігі болған еді. Алайда екі боксшының айласы бір-бірінен асып түсіп, хорватиялық жеңісті әзер жұлып алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport