WBA тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол украиналық Александр Усикпен айқасы жайлы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Усик бірінші ауыр салмаққа түсем деп айтты дейсіз бе? Несі бар? Алдағы уақытта салмақ жинап, сол салмақта өзімді жақсы сезінсем, жекпе-жек өткізуім мүмкін. Оның бәрі болашақтың еншісінде. Өз басым Усикпен қолғап түйістіруге қарсы емеспін", - деді Бивол Athletistic басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Бивол соңғы рет мексикалық Хильберто Рамиреспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.