Усик пен Фьюри арасындағы жекпе-жек өтетін уақыт айтылды

©

Супер ауыр салмақта WBC чемпионы британдық Тайсон Фьюри (33-0-1, 24 КО) мен WBA Super, IBF және WBO атағына ие украиналық Александр Усик арасындағы жекпе-жектің уақыты айтылды. Бұл жайында журналист әрі инсайдер Майк Коппинджер twitter желісінде жазды. 

Ол бокс кеші уақыты мен өтуі мүмкін орындарды да атап көрсетті. 

ESPN дереккөзі хабарынша, Тайсон Фьюри мен Александр Усик супер ауыр салмақта жұдырықтасу үшін келіссөздер жүргізуде. Айқас 29 сәуірде Сауд Арабиясында өтуі мүмкін. 

Усик өзіне қатысты келісімдерді мақұлдап қойған, кезек Фьюриде. Келіссөзде 21 сәуір күні "Уэмблиде" бокс кешін ұйымдастыру жайы да қарастырылған, - деп жазаыпты Майк. 

Айта кетейік, осыған дейін екі боксшы наурыз айында жұдырықтасады деген ақпарат тараған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар