Усик пен Джошуаның гонорар көлемі айтылды

©Reuters

Ауыр салмақта WBA Super, IBF және WBO чемпионы Александр Усик (19-0, 13 KO) пен британиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) қарымта айқаста қанша гонорар алатыны айтылды, деп хабарлайды "Чемпионат".

Жекпе-жек 20 тамыз Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында өтеді.

Бұл кездесу үшін Джошуа 2019 жылы Энди Руиспен жекпе-жектен көрген гонорарынан аз алады екен. Алайда бұл жолғы айқастың жүлде қоры айтарлықтай көбейген.  

Мәселен, ол кезде арабиялық инвесторлар 60 миллион доллар құйған еді, ал осы жолы 80 миллион тігіп отыр. Бұл айқаста боксшылар гонорарды тең бөліп алатын болды - 40 миллионнан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар