Усик пен Джошуа жекпе-жегіне тікелей трансляция

©nachedeu

Бүгін, тамыз айының 20 күні супер ауыр салмақта WBA, IBO, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усик (19-0, 13 KO) пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) арасында жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бокс кеші Джидда (Сауд Арабиясы) қаласындағы Jeddah Superdome кешенінде елорда уақытымен кешкі сағат 21:00 басталады. Усик пен Джошуа шамамен түнгі сағат 02:00-де шамасында ринг төріне шығуы тиіс. Тартысты айқасты DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл айқаста WBA, IBO, IBF және WBO белбеулері ғана емес, сонымен қатар, осыған дейін Тайсон Фьюриге тиесілі болған WBC белбеуі де сарапқа салынады.

Еске салайық, 2021 жылдың қыркүйегінде Лондондағы алғашқы жекпе-жекте Усик төрешілер шешімімен Энтони Джошуаны жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар