Усик пен Джошуа жекпе-жегінде кім көп соққы жасағаны белгілі болды

©twitter.com/DAZNBoxing

Украиналық боксшы Александр Усик (20-0, 13 КО) пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа (24-3, 22 КО) арасындағы реванштағы соққылардың статистикасы шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Сауд Арабиясында өтіп, 12 раундқа жалғасты. Оның қорытындысы бойынша украиналық боксшы жеңіске жетті. Кездесудің толық видеосын мына жерден көре аласыз. 

Compubox ақпараты бойынша, бұл кездесуде Усик жиі соққы жасаған - (712-492). Украиналық ұрған соққылары да дәл болған - (170-124). Сонымен қатар, оның джеб соққылары мен ауыр соққылары да көп болыпты - 39-23, 131-101.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар