Усик пен Джошуа жекпе-жегі мұсылмандар әлемінің ең киелі жерінде өтуі мүмкін. Кездесу күні белгілі

©Matchroom Boxing

Британиялық промоутер Эдди Хирн WBA Super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша супер ауыр салмақта әлем чемпионы Александр Усик пен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жектің 23 шілде күні өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бұл айқас 23 шілде күні Сауд Арабиясында өтуі мүмкін. Қазіргі таңда Таяу Шығыс, Лондон және Лас Вегас қалаларының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жекпе-жекті қабылдайтын ұйымдастырушылар жеткілікті. Шамамен екі аптадан кейін бокс кешінің нақты қайда өтетіні жайлы ресми ақпарат таратамыз. Екі тараптың жекпе-жек өткізетіні жайлы келісімдері бар. Сондықтан, қай жерде болмасын, екеуінің арасындағы айқас міндетті түрде болады", - дейді Хирн Pro Boxing Fans басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Джошуа мен Усик арасындағы кездесу 2021 жылы өтіп The Ring нұсқасы бойынша жылдың басты айқасы деп танылды. 12 раундқа созылған ғаламат айқастан кейін төрешілер бір ауыздан украиналықтың қолын көтерді. Осының арқасында Усик супер ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport