Ауыр салмақта ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюридің жекпе-жектерін ұйымдастыратын промоутер Боб Арум WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерінің иегері украиналық Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа арасындағы екінші кездесудің қашан өтетінін айтты.
"Жекпе-жек 25 шілде күні болады. Усик пен Джошуа кездесуін Эдди Хирн ұйымдастырады. Мықты кездесу болатынына сенімдімін. Ал Эдди Хирн айқасты өзі қалаған жерде өткізеді.
Бұл кездесуде Усик қайтадан жеңетін сияқты", - деді Арум FightHype.com порталына берген сұқбатында.
Еске салайық, Усик пен Джошуа арасындағы бірінші кездесу The Ring нұсқасы бойынша 2021 жылдың үздік жекпе-жегі болды. Бұл кездесу 12 раундқа созылып, оның қорытындысы бойынша 116-112, 117-114, 115-113 есебімен украиналық жеңіске жетті.