Бокс
27 наурыз 2022 09:30
 
Усик пен Джошуа арасындағы екінші айқас қашан өтетіні айтылды

  Пікірлер

blog.share

Усик пен Джошуа арасындағы екінші айқас қашан өтетіні айтылды ©Reuters

Аса ауыр салмақта WBA, WBO және IBF белбеулерінің иегері украиналық Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа арасындағы екінші жекпе-жек маусымда өтеді. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн айтты, деп жазады boxingscene.com порталы. 

Промоутердің айтуынша, жекпе-жекке қатысты нақты ақпарат келесі аптада белгілі болады. 

"Мен бұл жекпе-жек маусымда өтеді деп ойлаймын. Бұл Джошуаның келесі кездесуі болады. Ол дайын. Қазір біз Александр Красюкпен кездесудің нақты қайда өтетіні туралы әңгімелесіп жатырмыз. Келесі аптада біз айқасқа қатысты нақты ақпарат айтамыз", - деді Хирн. 

Еске салайық, Усик пен Джошуа арасындағы бірінші кездесу 2021 жылдың күзінде өтіп, украиналықтың жеңісімен аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!