Украиналық боксшы Александр Усик британиялық Тайсон Фьюримен қарымта жекпе-жеккегі жеңісіне қатысты ойын айтты.
Бұл айқас 12 раунд толық өтіп, оның қорытындысы бойынша Усик төрешілер шешімімен жеңді (116-112, 116-112, 116-112).
Осылай ол WBA, WBC және WBO белбеулерін қорғап қалды."Мен жеңдім, бұл жақсы. Төрешілер шешімі? Мен төреші емеспін, спортшымын. Мен жақсы дайндалдым, әйелім мені қолдап отырды. Бүгін мен үшін бақытты күн, ұлдарым дзюдода белбеулер иеленді, олар маған: "Енді сенің кезегің" деді", - дейді Усик.