Усик белбеулерін Джошуаға қайтарып берді. Видео

26 қыркүйек 2021 20:06
©getty images

Супер ауыр салмақта WBA/IBF/WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Александр Усик жекпе-жек аяқталған соң Энтони Джошуаға белбеулерін қайтарып берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

Усик пен Джошуа айқасы 12 раундқа дейін жалғасып, әділ-қазылар 116-112, 117-114, 115-113 ұпайымен жеңісті украиналыққа берген еді. Осылайша Усик екі дивизионның чемпионы атанып отыр. Кәсіпқой карьреасында 19 кездсеуін жеңіспен аяқтаған Усик алдағы уақытта британиялық реванш сұраған жағдайда қайта кездесуі мүмкін.

Ал Джошуаның жеке статистикасы қайта бұзылды. 24 рет жеңіске жеткен британиялық былғары қолғап шебері кәсіпқой рингте екінші мәрте жеңілістің кермек дәмін татып отыр.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар