Шотландияның Глазго қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жанкүйерлер ауыр салмақтағы айқаста тамаша нокауттың куәсі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Британиялық проспект Мозес Итаума (12–0, 10 KO) америкалық Майк Балогунмен (21–2, 16 KO) рингте жолықты. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді, бірақ, мерзімінен бұрын аяқталды — екінші раундта Итауманың жойқын соққысынан кейін Балогун үшінші рет құлады да төреші нокаутқа байланысты кездесуді тоқтатты.
Осылайша, небәрі 20 жастағы Итаума жеңіліссіз сериясын 12 жекпе-жекке жеткізіп, оныншы рет қарсыласын мерзімінен жеңіп отыр. Ал 41 жастағы Балогун үшін бұл карьерасындағы екінші жеңіліс болды — екеуінде де нокаутпен жеңілген. Сонымен қатар, оның еншісінде 21 жеңіс бар, оның он алтысы нокаутпен.