Африкалық боксшы Ербосынұлының 21 желтоқсан Красноярда өтетін жекпе-жегіне қарсылас ретінде қарастырылып отыр. Бұл кездесу бірінші ауыр салмақта WBA және IBF чемпионы Денис Лебедев (32-2, 23 КО) пен оңтүстікафрикалық Табисо Мчунумен (21-5, 13 КО) жекпе-жегінің андеркартына жоспарланған.
Сай көбіне өз елінде жұдырықтасып, Ұлыбритания мен АҚШ бір жекпе-жектен өткізген. Қазір ол орта салмақта WBO Africa құрлықтық белбеуіне ие және рейтингтің ТОП-10 тізімінде. Ал Айдос бұл рейтингте сегізінші.
Екінші орта салмақта өтетін жекпе-жек форматы он раунд.
27 жастағы Айдос соңғы рет 14 тамыз Сиднейде жұдырықтасып, аустралиялық Рокки Джеркичті (17-2, 13 КО) төрешілердің шешімімен жеңген. Осылайша, Ербосынұлы WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia аймақтық белбеулерін қорғап қалған. Осы жеңісі арқылы ол WBА Топ-3 рейтингіне кірді.