Бокс
19 тамыз 2020 10:16

Үш титулы бар жеңілмеген қазақ боксшы WBC рейтингінің топ-15 тізіміне көтерілді

Сурет: Тұрар Қазанғапов
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) барлық салмақ бойынша жаңартылған рейтингінде қазақ боксшы Топ-15 тізімге кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екінші орта салмақта WBO Global, WBC Asia және WBA белбеулеріне ие Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) 24-ші орыннан бірден 15-ке көтерілген. 

Қазақ боксшы кейінгі жекпе-жегін 26 шілде Минскте өткізіп, Нуху Лавальді (27-7, 15 КО) жеңген болатын. Жекпе-жек кезінде Айдос қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген еді. 

Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық боксшы, WBC International Silver белбеуінің иегері Али Ахмедов 14-орыннан, 13-орынға көтерілген.