Бокс
3 желтоқсан 2019 10:34
 
Үш титулы бар жеңілмеген қазақ боксшы WBA рейтингінде бірінші орынға жақындады

  Пікірлер

blog.share

Үш титулы бар жеңілмеген қазақ боксшы WBA рейтингінде бірінші орынға жақындады © Suleiman Boxing Promotions

Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) рейтингінде бірінші орынға жақындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңартылған тізімде қазақ боксшы бір саты жоғарлап, екінші орынға тұрақтады. Ал рейтингте бірінші WBA Continental белбеуіне ие ресейлік Федор Чудинов.

27 жастағы Айдос соңғы рет 14 тамыз Сиднейде жұдырықтасып, аустралиялық Рокки Джеркичті (17-2, 13 КО) төрешілердің шешімімен жеңген. Осылайша, Ербосынұлы WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia аймақтық белбеулерін қорғап қалған. Осы жеңісі арқылы ол WBА Топ-3 рейтингіне кірген болатын.

Ербосынұлы келесі жекпе-жегін 21 желтоқсан Красноярсктегі бокс кешінде өткізеді. 

Үш титулы бар жеңілмеген қазақ WBO ұйымының ТОП-10 рейтингіндегі боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

Жарнама

Живи спортом!