Үш титулы бар жеңілмеген қазақ боксшы IBF рейтингінде ТОП-10 тізіміне енді

© Уикипедия
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінің ТОП-10 тізімінде, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңартылған рейтингте Жаңабаев сегізінші тұр. Мұның алдында ол 11-ші болған. Бұл дивизиондағы чемпиондық титул америкалық Эррола Спенсте, ал рейтинг көшбасшысы өзбекстандық Кудратилло Абдукахоров.

26 жастағы Жаңабаев соңғы рет 14 тамыз Сиднейде жергілікті боксшы Стив Гагоны (11-1, 4 КО) жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдарын иеленген.

Жаңбаев келесі жекпе-жегіне Алматы маңындағы AIBA бокс академиясында жаттығып жатыр. Қазақстандық боксшыға АҚШ, Испания немесе Ресейде жұдырықтасу ұсынылды
Жаңалықтар