Үш титулға ие жеңілмеген қазақ боксшы "Канело" андеркартында жұдырықтаса алмайды

© notifight.com
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) рингке желтоқсанда оралады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.

Қазақ боксшы визамен қиындықтар туғандықтан мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтаса алмайтын болды. Бұл бокс кеші 2 қараша Лас-Вегастағы MGM аренасында өтеді деп жоспарланған.

Айдос соңғы рет 14 тамыз Сиднейде жұдырықтасып, аустралиялық Рокки Джеркичті (17-2, 13 КО) төрешілердің шешімімен жеңген. Осылайша, Ербосынұлы WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia аймақтық белбеулерін қорғап қалған. Осы жеңісі арқылы ол WBА Топ-3 рейтингіне кірді.
Жаңалықтар