Үш салмақта жеңіліп көрмеген чемпион 26 жасында бокстан кетті

©Sporta News

Үш салмақта чемпион болған және жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Шакур Стивенсон (21-0, 10 KO) карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

"Бокстан ресми түрде кетіп барамын. Мен спортзалда жаттыға беремін, өз шеберлігімді шыңдап, келесі буынға ұлылар санатына қосылып, өз арманына жетуге көмектесемін. Бірақ бұдан былай мен кәсіпқой спортшы емеспін", - деп жазыпты Стивенсон әлеуметтік желіде. 

Мұндай шешімінің себебін Шакур түсіндірмеді. Алайда кейінгі кезде WBO ұйымына наразалығы болған. 

Ол жеңіл салмақта WBO және WBC чемпионы болған. Сонымен бірге, аталған ұйымдардың жартылай жеңіл және екінші жартылай жеңіл дивизиондарында титулдарын иеленген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар