Бокс
3 наурыз 11:43
 

Үш салмақта чемпионның жекпе-жегі сенсациямен бітті

  Пікірлер

blog.share

Үш салмақта чемпионның жекпе-жегі сенсациямен бітті ©x.com/gervontaa

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен бокс кшеінің басты айқасында жеңіл салмқата WBA чемпионы Джервонта Дэвис (30-0-1, 28 КО) отандасы Ламонта Роучпен (25-1-2, 10 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен бокс кшеінің басты айқасында жеңіл салмқата WBA чемпионы Джервонта Дэвис (30-0-1, 28 КО) отандасы Ламонта Роучпен (25-1-2, 10 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек есептелген 12 раунд толық өтіп, оның қорытыдысы бойынша қарсыластар тең түсті (115-113 және 114-114 екі рет). Осылай Дэвис титулын қорғап қалды. 

Бұл жекпе-жекте даулы тұстар көп

Бірақ Джервонта осы жолы әлсіз жұдырықтасып, түсініксіз жекпе-жек өткізгенін айта кету керек. Оған қоса, қазылар ұпай санымен жеңісті Роучқа беру керек болатын, алайда Дэвистің рекордындағы нөлді құртудан қорыққан сияқты. Джервонта үшін бұл карьерасындағы алғаш рет тең түскен айқас болып отыр. 

Ал Роуч екінші рет қарсыласымен тең түсіп отыр, сонымен бірге ол бір рет жеңіліп, 25 мәрте жеңіске жеткен. 

Бокстан кетпек болған чемпион

Дэвис - үш салмақта әлем чемпионы. Ол жеңіл салмқата (2019-2023) және жартылай орта салмақта WBA "регуляр" чемпионы болған (2021), сонымен бірге, ол екінші жартылай жеңіл дивизионда WBA-super (2018-2019, 2020) және IBF (2017) белбеулерін иеленген. 2025 жылы ол бокстан кетіп, футболмен шұғылданбақ болған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!