Бірден үш салмақта әлем чемпионы Джервонта Дэвистің қайтадан басы дауға қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Майами-Дейд округінің полициясы спортшыны ресми түрде іздеуге жариялап, оны қамауға алу туралы ордер шығарды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Дэвис өзінің бұрынғы сүйіктісі Кортни Росселді соққыға жығып, ұрлап әкетпек болды деген айыппен күдікке ілінген. Оқиға 2025 жылдың 27 қазанында болған екен.
Боксшы Майами-Гарденс қаласындағы ерлер клубына баса-көктеп кірген. Ол жерде Россел VIP-аймақта даяшы болып жұмыс істеген. Бейнебақылау камералары жоқ қосалқы бөлмелердің бірінде Дэвис қызға шабуыл жасап, кейін оны күштеп қызметтік есік арқылы сыртқа шығарып, автотұраққа апарып ұрғаны хабарланды.
Полиция бейнебақылау жазбаларын зерттеп, олар жәбірленушінің сөзін растайтынын мәлімдеді. Бұл оқиға атақты боксшының карьерасындағы ең шулы жанжалдардың біріне айналып отыр.
Жарнама