Бокс
1 наурыз 11:11
 

Үш нокдаун мен нокаут. Ахмедовтің айқасын төрешіге тоқтатуға тура келді

  Пікірлер

blog.share

Үш нокдаун мен нокаут. Ахмедовтің айқасын төрешіге тоқтатуға тура келді ©instagram.com/all.stars.boxing.kz

Астанадағы бокс кешінің басты айқасында қазақстандық Али Ахмедов (23-2, 17 КО) пен польшалық Мацей Сулецки (33-3, 13 КО) арасындағы кездесу өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Астанадағы бокс кешінің басты айқасында қазақстандық Али Ахмедов (23-2, 17 КО) пен польшалық Мацей Сулецки (33-3, 13 КО) арасындағы кездесу өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нокдаундарға толы тартысты айқас

Жекпе-жек басынан-ақ Ахмедов қиындыққа тап болды, ол бірінші раундтың өзінде екі рет нокдаунға түсті. Екінші раундта Али ес жинап, барын салды, бірақ, Сулецки де жақсы жұдырықтасты. 

Бесінші раундта Ахмедов тағы есеңгіреп қалды. Ал соңғы оныншы раундта қазақстандық төртінші рет құлағанда төреші жекпе-жекті тоқтатты. 


Бұл Ахмедовтің екінші рет жеңілуі

Осылай, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Сулецки екінші орта салмақтағы WBC Silver титулын алып кетті. 

Бұл Сулецкидің 33-ші жеңісі және нокаутпен 13-шісі, польшалық карьерасында үш рет жеңілген. Ахмедов болса карьерасында екінші рет жеңіліп отыр,  сонымен қоса, ол кәсіпқой рингте 23 жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!