Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатындағы кезекті айқасын өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
92 келіге дейінгілер арасында жерлесіміз үндістандық Навин Кумармен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек төрешілер шешімімен Оралбайдың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Айқас барысында қазақ боксшы қарсыласын үш рет нокадунға түсірді.
Еске салайық, Айбек Оралбай осы жеңісінен кейін сары құрлықтың кем дегенде күміс медалін еншілейді.