Орта салмақта жұдырықтасатын британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) осы дивизионда IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жақында ғана Жыланды ауылының тумасы доминиканалық чемпион Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) "Қайдасың?" деген жазбасымен желіде ашық шақыру тастаған еді. Алайда бұл жазбаға басқа боксшы жауап қатты.
"Қойшы, таста бәрін... Қайдасың?" – деп жазды Бентли Әлімханұлына жазбасына жауап ретінде.
Айта кетейік, британиялық боксшы бұған дейін Жәнібекпен рингте кездескен. 2022 жылдың қараша айында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Бентлиді төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Дензел Бентли - орта салмақта Ұлыбританияның үш дүркін чемпионы, ұлттық белбеудің иегері, WBO International титулы мен Еуропа чемпионы атағын иеленген тәжірибелі кәсіпқой.
Жарнама