Үш бірдей қазақ боксшы ширек финалға да жетпей жеңіліп қалды
Қазақстандық Ерасыл Танкай халықаралық Старнджа кубогінде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Ерасыл Танкай халықаралық Старнджа кубогінде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келі салмақтағы 1/8 финалда Ерасылдың қарсыласы филиппиндік Пол Джулайфер Баскон болды. Бірінші раундта Ерасыл басым болғанымен, үш раунд қорытындысы бойынша филиппиндік боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Сонымен қоса, Ертұрған Зейнуллинов (63,5 келі) өзбекстандық Мужибилло Турсуновқа есе жіберген болатын. Ал оған дейін 54 келіде Бекзат Алдамжаров бірінші жекпе-жегінде-ақ жеңіліске ұшыраған.
Осылайша, кіші әлем чемпионаты атанып кеткен бұл жарыста Қазақстан құрамасының үш боксшысы жарыс жолын аяқтады.
Жарнама