Үш белбеуі бар жеңілмеген қазақ боксшы 12 нокауты бар "Ханзадамен" жекпе-жекке шығады

Сурет: BoxRanking
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) "Ханзада" лақап атты венгриялық кәсіпқой Иштван Силимен (24-2-2, 12 КО) жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы ақпаратқа қанық мәлімет көзі хабарлады. Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарына ие 28 жастағы қазақ боксшы 37 жастағы қарсыласымен биыл желтоқсанда кездесу өткізуі ықтимал. 

Венгриялық боксшы WBO рейтингінде 15-ші орында. Жекпе-жектерінің көбін ол Швейцарияда өткізген. Сонымен қоса, жеті рет Венгрияда, екі рет Германияда, Австралия, Бельгия және Словакияда бір реттен рингке шыққан екен.

Мұның алдында Ербосынұлы келесі жекпе-жегін Атырауда өткізуді жоспарлап отырғаны хабарланған. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Айдос WBO рейтингінің үздік он бестігіндегі боксшымен жұдырықтасатыны да айтылған. 
Жаңалықтар