Бокс
5 шілде 2019 12:41
 
Үш белбеуі бар Головкиннің бұрынғы спарринг серігі "Канелоны" жұдырықтасуға шақырды

  Пікірлер

blog.share

Үш белбеуі бар Головкиннің бұрынғы спарринг серігі "Канелоны" жұдырықтасуға шақырды Джулиан Уильямс. Сурет: boxingscene.com

Бірінші орта салмақта WBA (Super), IBF және IBO чемпионы америкалық Джулиан Уильямс (27-1-1, 16 КО) орта салмақта WBC (Franchise), WBA (Super), IBF және екіншіі орта салмақта WBA чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (52-1-2, 35 КО) жекпе-жекке шақырды.

Твиттер арқылы ол промоутер Оскар Де Ла Хойяға хабарлама жазыпты.

"Барлық промоутерлерде олармен қызметтік қатынас болғанын қалаймын, өйткені "Канеломен" жұдырықтасқым келеді. Бірінші орта мен екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеулерді біріктіру. Мексика Филадельфияға қарсы. Біреуің Оскарға тег жазып, оған айта салыңдар", - деп жазыпты Уильямс.

"Сайтан алғыр, неткен жылдамдық", - деп әзілдей жазды Уильямс жанкүйерлер жасаған афиша астына.

Уильямс титулдарының барлығын 11 мамырда отандасы Джарретт Хердты (23-1, 16 KO) төрешілер шешімімен жеңіп иеленген, екінші раундта ол қарсыласын нокдаунға да түсірді

Айта кетейік, Уильямс орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 34 КО) спарринг серіктерінің бірі болған. Атап айтқанда ол Альвареске қарсы жекпе-жек алдында қазақстандыққа көмектескен. Ал екінші жекпе-жек алдында Уильямс мексикалықтың жеңісіне бәс тікті.

Жарнама

Живи спортом!