Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық олимпиадалық комитет президенті қызметіне отырғанымен кәсіпқой рингке әлі де орала алады екен. Мұндай пікірді Worldboxingnews.net порталының редакторы Фил Джей айтты, деп жазады Vesti.kz.
"Геннадий Головкин Қазақстанның олимпиадалық комитетінде лауазымды қызметке отырғанымен әлі де жекпе-жек өткізе алады. GGG 2022 жылдың қыркүйегінен бері рингке шықпағанымен, ресми түрде карьерасын аяқтаған жоқ. Осы арқылы ол ринг есігін ашық қалдырды.
Головкин T-Mobile Arena шаршы алаңында Суль Альварестен жеңіліп, рекордын 41-2-1 етіп түсіріп алған еді", - дейді автор.
Сонымен бірге, Джей Горловкиннің алдағы жекпе-жегі қандай болу мүмкін екені жайлы пайымын айтты:
"Головкин енді тағы бір жекпе-жек өткізгісі келсе, ол суперорта немесе жартылай ауыр салмақта болатын шығар.
Канело әлі де екінші орта салмақта төрт титулды сақтап тұр, сондықтан төртінші жекпе-жектен ешқандай үміт жоқ. Ал енді бірден титулға айқасу үшін Головкинге өзін 175 фунтта сынап көру керек болады. Кез келген ұйым Головкин қаласа, чемпионмен жекпе-жек ұйымдастырып беруге келісер еді деп ойлаймын.
Ал енді кеткісі келсе, оған да құқы бар. Геннадий Головкин - өз заманындағы ең мықты боксшылардың бірі және соңғы он жылдағы ең мықты бес бокшсының қатарына кіреді".