auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Университет өкілдері Санжар Тәшкенбай оқудан неге шыққанын түсіндірді

Университет өкілдері Санжар Тәшкенбай оқудан неге шыққанын түсіндірді
©olympic.kz

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өкілдері бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығып қалуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Санжар Ташкенбай басқа оқу орнына ауысу мақсатында өз өтініші бойынша университеттен шығарылған. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды. Санжардың өзі оқуын Еуразия ұлттық университетінде жалғастырғысы келсе, белгіленген ережелерге сәйкес қабылдауға дайынбыз", - дейді университет өкілдері. 

Еске салайық, журналист Ғалым Қожабек Facebook-парақшасында Санжар Тәшкенбаймен ұшақта бірге отырып қалғанын, боксшы оқудан шығып қалғанын айтқанын хабарлаған болатын. 

Журналист Санжардан қайда оқитынын сұраған.

"Ол болса "Ешқайда оқымаймын, 2021 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түскен едім оқытушы-жаттықтырушы мамандығына. Бірақ оқуым ұзаққа бармады, бірінші курстың ортасынан бастап стипендиямды алып тастады, одан кейін сабаққа белсенді қатыспағаным және жазғы практикаға қатыспағаным үшін оқудан шығып қалдым. Ақылы оқуға ауысайын десем қаражат жетіспейді, үйде менен басқа бес бала бар, әкем қарапайым таксист, анам үй шаруашылығынан босамайды. Бұл кездері мен жастар арасындағы Азия және әлем чемпионатына қызу дайындық жүргізіп жүргенмін. Тынымсыз жаттығуларымның арқасында екі жарыста да чемпион болдым. Ал 2022 жылы ересектер арасындағы чемпионатта чемпион атандым. Бірақ оқуымнан шығып қалдым, соған өкінемін, аға" деп көңілінде жүрген бір кірбіңін білдірді", - дейді Ғалым Қожабек.

Алайда Санжар жоғары білім алғысы келетінін жеткізген. 

"Енді не істейсің десем, "Көкшетаудағы педагогика институтына баратын шығармын, спорт өмір бойы серік болмайды ғой..." деп отыр кеше ғана әлемді мойындатқан Санжар чемпион. "Санжар бұл жағдайды жүрегіңе жақын алма, бір жөні болар, сен енді осы күздегі Азия ойындары мен алдағы жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарын ойла!", - дедім өзімше тілеуқор көңілмен, алтын медалін алақанында ұстап отырған, қазақтың абыройын аспандатқан Тәшкенбайға. Оқығысы келетін балаға қарап ойланып қалдым...", - дейді журналист. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама