Бокс
8 тамыз 18:28
 

Үндістандық боксшы қазақты АЧ финалынан айырды

  Пікірлер

blog.share

Үндістандық боксшы қазақты АЧ финалынан айырды ©ҚБФ

Қазақстандық Нұрсұлтан Шілдебай Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Нұрсұлтан Шілдебай Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келі салмақта (19 жасқа дейінгі жас санаты) өткен жартылай финалда оған үндістандық Рахул Кунду қарсылас болды.

Алғашқы раундта-ақ Шілдебай нокдаунға түсті, ал төрешілер бұл кезеңді 4:1 есебімен Кундудың пайдасына шешті.

Екінші раунд үндістандық боксшының толық басымдығымен аяқталып, төрешілер бірауыздан жеңісті оған берді. Шешуші раундта да төрешілердің көпшілігі Кундудың басым екенін мойындап, 4:1 есебін тіркеді. Жекпе-жектің жалпы қорытындысы бойынша жеңіс Кундуға берілді.

Осылайша, үндістандық спортшы финалда алтын үшін жұдырықтасады, ал Нұрсұлтан Шілдебай құрлықтық турнирдің қола жүлдегері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!