Үндістанның RevSportz басылымы 2026 жылғы Азия ойындарынан соң бокс құрамасының өнеріне қорытынды жасап, Үндістанның Өзбекстан мен Қазақстаннан жоғары нәтиже көрсеткенін атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Үндістан боксшылары Азия ойындарында көш бастады
"XX Азия ойындарында Айти мен Нагояда Үндістан бокс турниріндегі жүлделер саны бойынша бірінші орын алды. Үндістан құрамасы үш алтын және үш қола - барлығы алты жүлде жеңіп алды. Алтынды Ловлина, Парвин Худа және Анкуш иеленді.
Үндістан дәстүрлі бокс державасы саналатын Өзбекстаннан да жоғары орналасты. Үндістан алтын саны бойынша бірінші орын алды. Одан кейін Қазақстан, Қытай, Қытай Тайбэйі, Жапония және Таиланд құрамалары жайғасты", - делінген жарияланымда.
Автор Азия ойындарындағы жетістікті нәтижелі маусымның жалғасы деп атап өтті. Бұған дейін үндістандық боксшылар Азия чемпионатында екінші орын алып, Достастық ойындарында жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен. Басылым Үндістан боксының ілгерілеуіндегі негізгі қозғаушы күш әйелдер құрамасы болғанын атап көрсетеді.
Еске салайық, Өзбекстан Азия ойындарының бокс турнирін екі алтын, бір күміс және төрт қоламен екінші орында аяқтады. Қазақстан құрамасы екі алтын және үш қола жүлде жеңіп алып, үшінші орынға жайғасты.
Жарнама