Суперорта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, британиялық Карл Фроч жеткенінен де асып түсе алатын мүмкіндігі болып, бірақ, зор талантын толық пайдалана алмаған боксшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Фроч мұндай деп британиялық бокс аңызы Насим Хамедті есептейді екені. Хамед кәсіпқой карьерасын небәрі 28 жасында аяқтаған.
Тарихтағы үздіктердің бірі бола алар еді
"Менің ойымша, Насим Хамед ұлылардың бірі бола алатын еді. Ол 28 жасында бокстан кетті. Бұл - босқа кеткен талант, - деп келтіреді Фрочтың сөзін vRINGe.com. - Ол жасаған ісінің арқасында жақсы табыс тапты, бірақ меніңше, оның тарихтағы ең үздік боксшылардың біріне айналуға әлеуеті жеткілікті еді. Ол жоғары деңгейге көтерілген кезде қорғанысын сәл жетілдіруі керек болатын.
Оның қорғанысы түгелдей рефлекс пен қозғалысқа негізделді. Егер ол бір қолын жиірек көтеріп, таймингті сәл өзгертсе, бұдан да үлкен жетістіктерге жетер еді. Мен оған қалай жұдырықтасуды үйретпек емеспін - оның стилі ерекше әрі қайталанбас болатын. Оны Ингл бапкерінің стилі деп атайды, бірақ, Насимнің өзіне тән ерекшелігі бар еді. Егер ол мәнерін аздап түзетсе және Инглмен бірге жұмысын жалғастырса, меніңше, ол тарихтағы ең үздіктердің біріне айналар еді".
Насим Хамед кәсіпқой рингте 1992 жылдан 2002 жылға дейін өнер көрсетті. Ол жартылай жеңіл салмақта WBO (1995–2000), IBF (1997), WBC (1999), IBO (2002) нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды, сондай-ақ, желілік чемпион және екінші жеңіл салмақта Еуропа чемпионы болды. Карьерасында жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы атағы үшін 16 жекпе-жекте жеңіске жетті. 2015 жылы ол Бокстың даңқының халықаралық залына енді.
Жарнама