Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) өзін ұлы боксшыларға теңеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
15 қазанда Жәнібек германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
"Бүкіл әлемге Мухаммед Али немесе Майк Тайсон сияқты қазақтың барын көрсету үшін АҚШ-қа келдім!", - деп жазыпты Әлімханұлы әлеуметтік желіде.