Аса ауыр салмақта WBA, IBF, WBO және IBO әлем чемпионы Александр Усик (19-0, 13 КО) абсолют чемпион атағын иелену мәселесіне жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Әлемнің абсолют чемпионы деген атақты алғым келетіні рас. Сол мақсатыма жету үшін дұрыс жолдамын деп есептеймін. Бірақ аталмыш титулды иеленіп жатсам – өзімді ұлы боксшы деп есептемеймін. Не болса да қарапайымдылықтан таймау керек. Оған дейін кім болғаныңды ұмытпау қажет", - дейді украиналық былғары қолғап шебері.
Әдетте кәсіпқой бокста былғары қолғап шеберлері әр нәрседен шоу жасап жүреді. Бірақ Усик қарапайымдылығын жоғалтпаған санаулы спортшылардың бірі. Қолына бокс қолғабын небәрі 15 жасында киген Усик әуесқойлар арасында да толағай табысқа қол жеткізді.
Еске салайық, Александр Усик биылғы жылдың қыркүйек айында ұлыбританиялық Энтони Джошуамен (24-2, 22 КО) кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді. Енді қос алып келесі жылы Киев төрінде реванш айқасын өткізбек. Бір қызығы, Усик (-91) пен Джошуа (+91) екеуі 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтыннан алқа тағынған.