Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) осы аптада келесі қарсылас пен жекпе-жек уақытын хабарлайтынын айтты. Боксшы жыл соңына дейін бір кездесу өткізуді жоспарлаған.
"Осы аптада бірнәрсе жасай аламыз деп үміттенемін, нақты бір қадамдар және қай күні, кіммен жұдырықтасатынымды хабарлай аламыз", - деп береді Альварестің сөзін Boxingscene.com.
Ал ықтимал қарсылас ретінде мұның алдында Калеб Плант, Каллум Смит, Билли Джо Сондерс және Риота Мурата сияқты боксшылардың есімі аталған.
"Адамдар ұлы жекпе-жектер тамашалай алу үшін жақсы айқастар өткізгім келеді, олардың бәрі мықты боксшылар. Желтоқсанда қайсы бос боларын көреміз", - дейді "Канело".