Бокс
4 сәуір 2020 17:27

"Үлкен ойын". 28 нокауты бар Қанат Исламның қарсыласы Головкиннің алдын кесіп "Канеломен" жұдырықтаспақ

Хайме Мунгия. Сурет: Golden Boy Promotions
Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (34-0, 28 КО) орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірімен жұдырықтаспақ. Бұл туралы ESPN журналына берген сұхбатында Zanfer Promotions компаниясының промоутері Фернандо Белтран мәлімдеді.

Оның сөзінеш, Мунгия әйгілі отандасы - төрт салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шығуға дайын.

"Канело" Альварестің промоутері Golden Boy Promotions. Хайме Мунгия болса Оскар Де Ла Хойя мен Golden Boy аясындағы менің промоушенімде. Бұл жекпе-жекті ұйымдастыру қиынға соғады деп ойламаймын. Хайме үлкен ойынға араласқысы келеді. Қазір онда "Канело" Альварес, Геннадий Головкин және Дэниэл Джейкобс. Хаймеге ертең "Канеломен" жұдырықтасу ұсынылса, біз келісеміз", - дейді промоутер.

Қанат Ислам "Канело" кардында 28 нокауты бар мексикалық экс-чемпионмен жұдырықтасады