Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) менеджері Эгис Климас қазақстандықтың Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады.
Бұл айқас 4 қазан Аустарлияның Сидней қаласында өтеді. No Limit Boxing мәліметінше, бұл жекпе-жекте тек IBF белбеуі сарапқа салынады. Алайда Климастың айтуынша, Жәнібек екі титулын да қорғайды:
"Top Rank-тағы Жәнібектің промоутерлері жасаған постта үлкен қателік бар. Бізді IBF титулын ғана қорғап, өздерінің екінші күні ғана салмақ өлшеу ережесіне итермелеп жастса да, біз әлем чемпионы Жәнібектің командасы, Әлімханұлы WBO және IBF белебуін де қорғайтынын хабарлаймыз", - деп жазыпты Климас.