Бокс
30 маусым 2022 07:40

"Үлкен апат...". Головкинмен айқаста "Канелоға" қандай қауіп төнгені айтылды

©AP

Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші айқаста басын үлкен қатерге тігіп отыр. Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейманның ойынша, қатарынан екінші жеңіліс мексикалық боксшының карьерасы үшін үлкен апатқа тең, деп хабарлайды Marca.com

"Канелоның" болашағына қауіп төніп тұр ма? Әлбетте, Саульдің болашағы осы айқаста шешіледі. Биволдан жеңілді, енді Головкинге есе жіберсе, бұл оның мұрасы үшін үлкен апат. 

Альварестің жоғалтатыны орасан. Ал Головкин үшін олай деуге келмейді, өйткені ол Сауль сияқты ел назарында емес", - дейді WBC басышысы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport