1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 09:21
 

Ұлжан Сәрсенбек жүлдеге бір қадам қалғанда жарыстан шығып қалды

  Пікірлер

blog.share

Ұлжан Сәрсенбек жүлдеге бір қадам қалғанда жарыстан шығып қалды ©

Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" турнирінің жартылай финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" турнирінің жартылай финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол америкалық Алиса Мендозаға 0:5 есебімен есе жіберді. Осылайша, жартылай финалға өткен қарсыласы кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.

Бұған дейін Қазақстан құрамасынан Әнел Сақыш (54 кг) пен Элина Базарова (54 кг) жартылай финалға жолдама алды.

Ал Әйгерім Саттібаева (48 кг), Әнел Құдайберген (48 кг) және Жайна Шекербекова (54 кг) жарыс жолынан шығып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!