Уиск пен Джошуа арасындағы жекпе-жекте тағы бір чемпиондық белбеу сарапқа салынады

©Reuters

20 тамыз күні болатын Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа арасындағы кездесуде WBA, IBF және WBA белбеулерінен бөлек WBC чемпионы Тайсон Фьюри бас тартқан The Ring журналының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады, деп хабарлайды Allboxing.ru порталы. 

"Усик пен Джошуа арасындағы кездесудің жеңімпазы аса ауыр салмақта The Ring чемпиондық белбеуінің иегері атанады. Олардың Лондонда өткен бірінші кездесуі The Ring нұсқасы бойынша жылдың ең үздік айқасы болған еді", - деді журналдың бас редакторы Даг Фишер. 

Егер бұл кездесуде Усик жеңіске жететін болса, онда украиналық бірінші ауыр және аса ауыр салмақта The Ring чемпионы болады. Ал Джошуа жеңіске жетсе, онда ол аса ауыр салмақта Фьюри мен Леннокс Льюистен кейін бұл белбеуді иеленген үшінші ұлыбританиялық боксшы атанады. 

Айта кетейік, Усик пен Джошуа арасындағы бірінші айқас 2021 жылдың қыркүйек айында Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтіп, Усик төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Екінші кездесу Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар