Бокс
16 қыркүйек 2021 11:40

UFC спортшысы бокстан Қазақстан құрамасындағы дауда Лукасты қолдады

© Olympic.kz

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова бокстан Қазақстан құрамасындағы дауда Ангелина Лукасқа қолдау білдірді. 

"5 жыл бұрын бокстан Қазақстан құрамасынан ММА-ге кеттім, өйткені онда болу моральдық тұрғыда шынымен өте ауыр. Ангелинамен бірге жаттығып, бір бөлмеде де тұрдық. Адамның арманын аяқ асты етіп жатқанын көру қиын. Ол қанша жылын боксқа арнады. Оны орнысыз қудалап жатыр. Ангелина сен әділетікке жетесің деген үміттемін", - деп жазыпты Агапова Instagram желісінде. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасындағы дау Ангелина Лукастың президенттен көмек сұрап, Назым Қызайбайды допинг қолданады деген мәлімдемесінен кейін басталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport