UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес трилогиясында төмен қаралымға қатысты пікір білдірді, деп жазады Чемпионат басылымы.
Белгілі болғандай көптен күткен айқасты небәрі 550-575 мың адам үйінде жеке тамашалау үшін трансляцияны сатып алған.
"Бұл жекпе-жек осыдан төрт жыл бұрын өтуі тиіс еді. Көрерменге сол кезде қызық болды. Трилогия тым кеш өтті", - дейді Уайт.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы тең есеппен аяқталды. 2018 жылы реваншта және трилогияда төрешілер жеңісті Альвареске берді.