UFC мықтыларын сұлатқан блогер "Канеломен" айқасқа шықпақ

©sport-express

Кейінгі жылдары бокспен шұғылданып жүрген америкалық блогер Джейк Пол (6-0, 5 КО) АҚШ-тың Глендейл қаласында өткен бокс кешінде UFC ұйымының экс чемпионы Андерсон Силваны жеңді, деп хабарлайды "Чемпионат".

Осыдан кейін Пол атақты екі спортшыны жекпе-жекке шақырды - 37 жастағы UFC жұлдызы Нейт Диас (23-13) пен кәсіпқой бокстағы ең мықтылардың бірі мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (58-2-2, 39 КО). 

"Маған Нейт Диасты келесі қарсылас қылып алып келіңдер... және "Канело" сен де", - деді Джейк Пол жекпе-жектен кейін. 

Айта кетейік, Джейк Пол соңғы рет шаршы алаңға 2021 жылдың желтоқсан айында UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Тайрон Вудлимен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Ол кездесудің алтыншы раундында блогер қарсыласын нокаутқа жіберді. Жалпы Джейктің еншісінде кәсіпқой бокта осымен алты жекпе-жек бар және барлығында жеңіске жеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport